«Қазақфильмді» жаңғыртуға 10 миллиард теңге жұмсалады

«Қазақфильмді» жаңғыртуға 10 миллиард теңге жұмсалады

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын жаңғыртуға 10 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалады.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Ақша кино түсіру және монтаждау, ғимараттарды қайта жаңартуға бөлінеді. Ангарлар мен арнайы автокөліктер сатып алынады. Биыл 8 миллиардтан астам қаржыны игеру жоспарда бар. Жаңғырту 2023 жылға дейін жүргізіледі. 2030 жылға қарай отандық фильмдердің санын екі есеге арттыру жоспарда бар. Тарихи фильмдерге ерекше назар аударылады. Мысалы, 2021 жылы кино өндірісі саласындағы бюджеттің 70%-ін тарихи, патриоттық және имидждік картиналарға жұмсау көзделіп отыр.