Павлодарлық археологтар 90-нан астам тастан жасалған еңбек құралдарын тапты

Павлодарлық археологтар 90-нан астам тастан жасалған еңбек құралдарын тапты

Павлодарлық археологтар биыл Аққулы ауданындағы Бөрлі көлінің маңында жұмыс істеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазба жұмыстары барысында көл маңынан бірнеше тұрақ анықталды. Мамандардың пайымдауынша, бұл ежелгі малшылардың қонысы. Мекендер сол кездегі тайпалардың отырықшылық тұрмысын дәлелдейді. Осы жолы тастан жасалған еңбек құралдарының 90-нан астам данасы табылды. Сонымен қатар ежелгі жер пеші мен асық сүйектері қазылып алынды. Археологиялық жұмыстар енді зертханаларда жалғасын табады.

Виктор Мерц, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Бұл біз кенелген алғашқы олжа емес. Бұған дейін тас заттары шоғырланған орынды Шідерті-3 қорымынан тапқан едік. Еңбек құралдары бір-біріне ұқсас. Неоли және қола дәуірлерінде өмір сүрген тайпалар жер пештерін пайдаланған. Яғни, адамдар арасында Орта Азия тайпаларымен мәдени байланыс болуы мүмкін. Себебі, ұқсастық көп. Салт-дәстүрлері де бірдей болуы әбден мүмкін.