Иманбектің жаңа бейнебаяны жарық көрді

Иманбектің жаңа бейнебаяны жарық көрді
Azattyq Rýhy

«Грэмми» иесі Иманбек Зейкенов американдық әнші Salem Ilese-пен түсірген бейнабаянын жариялады. 

Married to your melody әніне түсірілген бейнабаянды музыканттың YouTube-арнасынан тамашалауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Иманбек Зейкенов Rahmet World Tour деп аталатын әлемдік туры жайлы хабарлады. Әзірге 24 концерт туралы белгілі. Әлемдік тур 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстандық диджей Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Латын Америкасы мен өзге елдердің алаңдарында өнер көрсетеді. Финалдық шоу Германияда өтеді.