Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды
Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл. Қазақстан Республикасы UNESCO (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) құрамына 164-мемлекет болып кірді, деп жазды «БОРТ №1» Telegram каналы.
ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болатын.
ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Қазақстандағы нысандар.
Мәдени нысандар: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2003 жыл;
Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері, 2004 жыл;
Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі, 2014 жыл.
Табиғи нысандар: Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, 2008 жыл;
Батыс Тянь-Шань, 2016 жыл.