Актриса Альмира Тұрсын референдумда дауыс берді

Актриса Альмира Тұрсын Алматыдағы референдум учаскесіне ұлымен келді.

Көрерменге «Томирис» фильмі арқылы танылған актриса көркем фильмнен кейін тарихи шығармаларды қайталап оқып жүргенін айтты. Мемлекеттің қуатты болып, экономикалық дамуы халықтың қолында. Сондықтан ел өміріндегі оқиғаларға бей-жәй қарамау керек, дейді ол.

Альмира Тұрсын, актриса:

- Біз отбасымызда саясат пен сенім мәселесін талқылағанымызбен әр адамның таңдауына қарсы шықпаймыз. Тек өзіміздің көзқарасымызды ортаға саламыз. Ұлыма осында келе жатқанда референдум туралы түсіндіріп, не үшін керектігін айттым. Ұлым менен қандай өзгерістер енгізілетінін, ненің ауысатынын сұрады. 9 жасар бала болса да барлық айтқанымды түсініп тұр. Ал ата-анам сәлден кейін келетіндерін айтты.