Өнер адамдары дауыс берді

Өнер адамдары дауыс берді

Ата заңға енгізілетін өзгерістерді еліміздің эстрада жұлдыздары да отбасымен талқылап, референдумның маңыздылығын әңгімелейді.

Учаскіге Конституциялық құқығын орындауға барған әнші Сәкен Майғазиевті тыңдармандары танып, хал сұрасып жатты. Дауыс берген соң елеулі күнді есте қалдырып, суретке түсті. Әншілер үшін сенбі, жексенбі күні де жұмыс көп. Соған қарамастан Сәкен Майғазиев өзі тіркелген 383-учаскеге келіп таңдау жасады.

Сәкен Майғазиев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Кез келген қоғамның азаматы мемлекетте болып жатқан іс-шараға жүрдім, бардыммен қарамау керек. Ең бастысы, мен бармасам да шешіліп қояды, менің дауысым не шешеді деген сондай енжарлық бізде басым болып тұр өкінішке қарай. Біз сол мәселеден арылуымыз керек және жіті танысуымыз керек не болып жатыр.