Семейде 12 демалыс саябағы салынады

Семейде 12 демалыс саябағы салынады

Абай облысының орталығы - Семейде 12 демалыс саябағы салынады. Өңір кәсіпкерлері қала тұрғындарына өзгеше тарту жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көпшілікке арналған тынығу орындарының бірі аспалы көпірдің астынан бой көтереді. Онда спорттық және балалар алаңдары болады. Мұнда абаттандыру жұмыстары басталып та кеткен. Бұдан бөлек жапондар  жаңа этноқалашық салып бермек. Жапон стиліндегі демалыс аймағы шаһардың сол жағалауында тұрғызылады деп жоспарланған.

Димитрий Гариков, Семей қаласы әкімінің орынбасары:

- Бұл жұмыстардың барлығына тек демеушілердің қаржысы жұмсалады. Жақында өткен "Жерлестер форумында" құрылыс компаниялары қалаға 12 саябақ саламыз деді. Меморандумға қол қойылды.  Енді шаһардың әр аймағында  демалыс орындары болады.