Астанада «Күйшілер аллеясы» ашылды

Сонымен қатар 101 күйші-композитордың есімі жазылған мемориал тақта қойылды.

Бастама алдағы республика күніне орай арнайы қолға алынып отыр. Жоба авторлары жаңа аллея алдағы уақытта компазиторларымызды кеңінен насихаттап, барынша ұлықтауға мүмкіндік береді дейді. Бұған қоса  қала тұрғындарының, әсіресе жас буынның сүйікті орнына айналарына сенімді.

Оюмен безендірілген көк түсті конструкциялар және сары түсті шаңырақ. Елордадағы "Күйшілер аллеясы" қаланың қақ төрінде, яғни Дина Нұрпейісова көшесінің қиылысында, тіпті  сол күй анасы ескерткіші орналасқан аумақтан ашылды.

Төлеген Қуанышев, республикалық "Күй анасы" қорының басшысы:

- Тарихи оқиғаның куәсі болып жатырмыз. Өнердің үлкен мерекесі болып жатыр. Біріншіден, Үкіметтің қаулысымен күйшілердің аллеясын ресми түрде ашып жатырмыз. Екіншіден, мына жерде мірмір тасқа қашалған 101 қазақ елі күйшілерінің аттары жазылып жатыр.

Мемориал тақтаның ені 3, ұзындығы 2 метрді құрайды. Ал оған қашалған есімдерді Құрманғазы атындағы консерваторияның ғылыми кеңесі арнайы сараптап, таңдап алыпты.

Марат Мұстафин, қоғам қайраткері:

- Біз қазақ ғасырлар бойы осы домбырамен тойладық, осы домбырамен қуандық, осы домбыррамен қайғырдық. Осы дрмбырамен үннің бәрі жетіп жатыр. Кеше ғана Астанамызда өткен әлемдік діндер сьезінде Рим папасы сөзін домбырамн бастады. Кетерде домбырамен аяқтады.

Мемориал тақтаның екі жағына инсталляциялық үлгіде мыстан құйылған домбыра мен қобыз орнатылған. Оны Алматы облысы Қордай елді мекенінен арнайы жеткізген екен. Айта кету керек, бастаманы Астана әкімдігі  алдағы республика күніне орай арнайы қолға алды.

Аслан Қаженов, Ербол Дайыров