Астанада «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау» тақырыбында суретшілердің көрмесі болды

Онда ақтаулық қылқалам шеберлерінің 30-ға жуық туындысы қойылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Акрил, кенеп және майлы бояуларды қолдану арқылы салынған «Жер-Ана», «Үстірт жайлау», «Бозжорға» картиналары көпшілікті сүйсіндірді. Сурет авторларының айтуынша, түрлі тақырыпқа орай салынған жеке туындылар қазақтың дәстүрі мен құндылығын танытады. Ал оның мақсаты – елорда жұртшылығын теңізді өлкедегі суретшілердің өнерімен таныстыру.

Аймұрат Таңатов, ҚР Суретшілер одағының мүшесі:

- Осы жерде 30 шақты картина бар, әртүрлі тақырыпта, Отанға қатысты, абстракциялар бар. Мақсатымыз – қай суретшінің көрмесі болсын, ол халықты өнерге баулу. Біздің бейнелеу өнерін халыққа насихаттау. Дәл қазіргі кезде қоғамда суретшілердің мәртебесін өсіру.