Ақтөбелік «Алақай» қуыршақ театры кішкентай көрермендерін қуантты

8 наурыз мерекесіне орай ақтөбелік «Алақай» қуыршақ театры кішкентай көрермендерін қуантты.

Мектеп оқушылары үшін ұйым репертуарындағы үздік қойылымдардың бірі «Қайдасың, анашым?» көрінісі сахналанды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін көрсетіліп жатыр. Оңалту орталықтарының емделушілері де назардан тыс қалған жоқ. Ал, жүріп-тұруы қиын жеткіншектер үшін куыршақтарды үйге алып барады. Театр ұжымы алдағы күндері Наурыз мерекесіне де дайындық жүргізіп жатыр. Көрісу күнінен бастап, «Батыр қоян» ертегісін сахналамақ. 

Әсия Құрманалина, "Алақай" қуыршақ театрының директоры:

- Өкінішке орай театрға келе алмайтын балалар да бар. Бірақ, оларға да көңіл бөлу – басты міндетіміз. Сондықтан, алдын-ала ата-анасымен сөйлесіп, келетінімізді айтамыз. Сөйтіп, қойылым қоятын топты жинап барамыз. Біз үшін көрерменнің алған әсері үлкен жетістік, бақыт.