Түркістанда «Руханият» бағы ашылды

Яссы мөлтек ауданындағы демалыс орнының аумағы 7 гектарды алып жатыр.

Саябаққа 8 мыңнан аса түрлі ағаш егілген. 120 орындық қойылып, 200 шам орнатылған. Жазда күннен қорғайтын бастырмалар, балалардың ойын алаңы жасақталған. Рухани іс-шаралар өткізу үшін үлкен ашық алаң, автотұрақ, веложолақ та бар.

Ерлан Күзембаев, қала әкімінің орынбасары:

- Бүгін міне зиялы қауымды, мешіттегі имамдарымызды, руханиятымызды дамытып, насихаттап жүрген азаматтарымыздың басын қосып, осы жерді абаттандырып, елдің игілігі үшін «Руханият» саябағы деп демалыс орнын ашып отырмыз. Алдағы уақытта әр талына осы имамдар жауапкершілікпен қараймыз деген ниет қылып отыр. Қала жасыл шаһарға айналады деп сенеміз.