Алматыда «Желтоқсан – Тәуелсіздік жаңғырығы» көрмесі ашылды

Алматыдағы орталық музейде Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан - Тәуелсіздік жаңғырығы» атты көрме ашылды.

Музей қорында Желтоқсан оқиғасына қатысты 200-ге жуық жәдігер бар. Соның біразы көрмеге қойылды.

Деректі материалдар, Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құжаттары, фотосуреттері және осы тарихи оқиға туралы жазылған кітаптар сол қаһарлы күндерден сыр шертеді. Экспонаттардың қатарында КСРО Халық әртісі Әзербайжан Мәмбетовтың көтеріліске қатысқанын дәлелдейтін қанға боялған киімдері де бар. Сонымен қатар Қайрат Рысқұлбековке қатысты құжаттар қойылған. Көрмеде желтоқсаншылар естеліктерімен бөлісті.

Еске сала кетейік, бейбіт шеруге қатысамыз деп келген 30 мыңнан астам адамның 8515-ін құқық қорғау органдары ұстаған.

Талғат Тұрысбаев, Желтоқсан оқиғасына қатысушы:

- 15 одақтас республикалар ішінде қазақтар бірінші көтерілді, қазақ жастары бірінші көтерілді. Сол бәріне мұрындық болды. Кеңес Одағының бодауынан шығуға, егемендік алуға. Мұның қасіреті мен қайғысы бар. Бірақ бақыты егемендік алдық. Сол азаматтар тарихта қалды.

Айгүл Мусина көрме және экспозицияларды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі:

- Көрмеге келушілер өз көздерімен Қайрат Рысқұлбековке қатысты құжаттар, ату жазасына кесу туралы үкімі әкесінің жоғарғы сотқа жазған хаты,сондай-ақ Ербол Спатаевтың, Мырзақұл Әбдіқұлов, Бауыржан Шұғылов тағы басқа Желтоқсан қаһармандарының фотосуреттерін көре алды. Сондай-ақ Мұхтар Мағауин музейге тапсырған желтоқсан оқиғасына қатысушыларды жазалауға қолданған темір сойыл қойылды. Сонымен қатар режиссер Қалдыбай Әбеновке арналған кешенде экспоцияға қойылды.