Сарайшық және Таскешу қалашықтарынан 2023 жылы табылған жәдігерлер көрмесі ашылды

Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінде ортағасырлық «Сарайшық» және «Таскешу» қалашықтарынан 2023 жылы табылған жәдігерлер көрмесі ашылды.

Көрмеге келушілер соңғы жылдары археологтардың назарын аударып отырған Таскешу керуен сарайынан табылған жәдігерлерді тамашалады. «Таскешу» керуен Сарайы 14-15 ғасырларда Ұлы Жібек жолымен жүрген керуеншілерге қызмет еткен. Былтырғы қазба жұмыстары барысында керуен сарайының орнынан күмістен, мыстан соғылған тиындар, ыдыс-аяқ секілді 200-ге тарта жәдігерлер табылған болатын. Жалпы ауданы 800 шаршы метрлік Сарай орнынан күйдірілген қыш кірпіштен қаланған 14 бөлме мен керуен қақпасы және мұнараның іргетасы анықталды.

Марат Хасенов, археологиялық экспедиция жетекшісі:

- «Таскешудің» ерекшілігі сонда – бұл Орта Азия соның ішінде Қазақстанда таза қыш кірпіштен салынған керуен сарай. Мұндай сарайлар бізге әлі кездескен емес. Көбі саман кірпіштен салынады. Екінші ерекішілігі «Таскешу» Керуен Сарайы тек өзі ғана қызмет етпей оның тас көпір де болған. Осы көпірмен Сағыз өзенінен өткен. Оның толық жобасы алынды ортасында үлкен алаңы бар. Оған түйелі жүктер қойылған төңірегіндлегі бөлмелі орталыққа шыққандықтан олар қонақүй қызметін атқарған.