Жас журналист бір жылда 200 шығарма оқыды

Жамбыл облысында ең көп кітап оқыған оқырмандар анықталды, деп хабарлайды 24KZ.

Додада Шу ауданының жас журналисі Айғаным Асқарбек топ жарды. Ол бір жылда 200 шығарма оқыған. Үздіктер қатарында мектеп оқушылары, мұғалімдер мен зейнеткерлер де бар. Бас-аяғы 12 адам марапатталды.

Жалпы бұл шара «JAMBYL Book Fest» аясында өтті. Екі күнге ұласатын фестивальде кітапхана ісі бойынша шеберлік сағаттары өтіп, жаңа туындылардың тұсауы кесіледі. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, елдегі 20-ға тарта баспаның өнімдері ұсынылады.

Айғаным Асқарбек, оқырман:

- Бітелі шамның жарығымен түн баласы ауғанша кірпік қақпай кітап оқитын замандарымыз болды деген замандар келмеске кетті. Неге десеңіздер, қазіргі кітапхана сөрелерінде мұқабаларымен мұндалаған, мені оқы деп шақырып тұратын кітаптарымыз жетерлік. Сондықтан да барша қазақстандықтарды, барша жұртшылықты кітап оқуға шақырамын.

Жүсіпбек Қорғасбек, жазушы:

- Көзқарастарымызды өзгертеді, рухани құндылықтарымызға жаңалық әкеледі. Нағыз нарықтың заманында, нағыз сауданың заманында бүкіл дүние саудаға шыққан кезде кітап саудаға шықпай тұр еді. Бұл кітап нарығы үшін өте бір үлкен кемшілк болатын. Енді осындай көрмелердің арқасында біз сол нарықты жасап жатырмыз.