352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бақытжан Сағынтаев дәрі-дәрмектер қажеттілігін жоспарлауды ретке келтіруді тапсырды

  • 279

Қазына қаржысына алынған дәрі-дәрмектер қоймаларда тұр.

Өңірлер қажет дәрілердің санын нақты білмейді. Сондықтан артығымен алып, кәдеге жарата алмай отыр. Есесіне мемлекет қаржысы жөн-жосықсыз жұмсалған. Бүгін министрлер кабинетін жинаған Үкімет басышысы Бақытжан Сағынтаев осы мәселеге қатысты әр облыс басшысынан есеп алды. Соңғы деректер бойынша, бір ғана Қызылорда мен Маңғыстау облысы тапсырыс берген дәрі-дәрмектің 50 пайызын ғана таратқан. Ал Денсаулық сақтау министрінің мәлімдеуінше, дәріден тапшылық болмайды және әр облыс бойынша нақты есеп жүргізіледі.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Бүкіл ақпараттық жүйелерді біз қазір интеграция жасап, әр өңірде қандай дәрі жеткізілгенін, пациенттерге берілген дәрілерді көріп отырмыз. Бірақ кейбір өңірлерде берілмеген дәрі-дәрмектің саны өте жоғары. Осыған байланысты қысқа мерзімде дәрілік заттардың нақты қалдықтары мен дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесін салыстыру қажет.

Хабар 24 телеарнасы