363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО: Жанайлық жастар өз күштерімен балалар саябағын жасады

  • 116
ШҚО: Жанайлық жастар өз күштерімен балалар саябағын жасады

Шығыс Қазақстан облысы Жанай елді мекенінің тұрғындары өз күштерімен балалар саябағын жасақтады.

Туған жерін көркейту үшін ауыл жастары 5 млн теңге жұмсаған. Саябақта орындықтар қойылып, спорт жабдықтары, алтыбақан, сәулет ескерткіштері орнатылды. Қазіргі таңда коммунальдық қызметкерлер көгалдандыру жұмыстарымен айналысып жатыр. Саябақ аумағында жүздеген гүл отырғызылды. Айта кету керек, Жанай ауылында «Туған жер» бағдарламасына мешіт пен қатымхана салынған.

Райхан Рыскелдина, Егінсу ауылдық округі әкімдігінің бас маманы:

– Ауыл жастары саябақ салды. Бұл әлі бастамасы. Жастардың туған жерге істейтін жұмысы көп. Ауылда бос тұрған үйді жөндеп, заманға сай аурухана қылмақ.

Хабар 24 телеарнасы