352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тағы алаяқтыққа байланысты ұсталған қазақстандықтардың аты-жөні белгілі болды

  • 139
АҚШ-тағы алаяқтыққа байланысты ұсталған қазақстандықтардың аты-жөні белгілі болды

ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тағы ірі алаяқтық әрекеттерге Қазақстанның үш азаматшасының қатысқанын растады.

«Біздің Нью-Йорк қаласындағы бас консулдығымыз Америка тарапымен тығыз қарым-қатынаста, қажетті консулдық және құқықтық қорғауға қатысты көмек көрсетіліп жатыр. Нью-Йорк штатының оңтүстік округынан келіп түскен мәліметке сәйкес, қамауға алынған адамдардың арасында біздің үш азаматшамыз бар. Олар Азиза Джавадазаде немесе Джалолова, 1994 жылы туған, Диора Әшірова, 1991 жылы туған және Елена Құдайбергенова, 1970 жылы туған. Біз олардың Қазақстан азаматтары екенін растаймыз. Олар қамауға алынды. Біз өз тарапымыздан тиісті көмек беріп жатырмыз», - деді Қ.Әбдіраxманов журналистерге берген сұxбатында.

Айта кетейік, бұған дейін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында Нью-Йорк қаласында қылмыстық топтың ұсталғаны жайында жазылды. 25 адам ірі көлемдегі алаяқтықпен айналысқан. Олар ғаламторда жалған xабарландыру орналастырып, көліктерді сататынын жарнамалаған. Алайда уақытша фирмалар арқылы алдын ала төлем алғаннан кейін іздерін жасырып отырған. Осылайша алаяқтар 4,5 млн долларды қолды қылған. Енді Нью-Йорк штатының заңнамасы бойынша қылмыскерлер 20-30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы