352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жаңадан 4 мектеп ашылады

  • 109

Жаңа оқу жылында Ақмола облысы бойынша бес жүзден астам мектеп есігін айқара ашады. Соның ішінде төртеуі жаңа.

Көкшетау қаласы мен Целиноград, Сандықтау және Біржан сал аудандарында бой көтерген білім нысандарының құрылысына 3 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Өңірдің орта білім беру ұйымдары биыл 120 мың оқушы қабылдайды. Оның ішінде 14 мыңдайы мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндер. Жаңа оқу жылына дайындық барысында облыстағы 9 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Тағы бір айта кетерлігі, биыл 500 жас маман аймақтың білім ошақтарында еңбек жолын бастайды.

Валерий Гамазов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Барлығы 1720 оқушыны жаңа мектеппен қамту мүмкіндігі туып отыр. Бұл бірқатар білім беру ұйымдарындағы 3 ауысымдық оқу үдерісін жоюға септігін тигізеді. Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда оқулықтар мен құрал-жабдықтар әкелініп, мектептерге таратылу үстінде. Бұл шараларға облыстық бюджеттен бір миллиард 3 жүз миллион теңгедей қаржы бөлінген.

Хабар 24 телеарнасы