352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысы суармалы егіс алқаптарын дамытудың стратегиясын жетілдірді

  • 115
Павлодар облысы суармалы егіс алқаптарын дамытудың стратегиясын жетілдірді

Аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарын қолдан суару арқылы өсірудің мүмкіндіктері жан-жақты қаралып жатыр.

Лайықты жерлерді таңдап инвесторлар тарту бүгінде әр аудан үшін маңызды. Ақсудың ауылдық аймағында өткен дала күнінде суландыру технологиясының мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.

Қарлығаш Қасиетова, Twitter@kasietova:

- Ақсулық диқандар биыл 30 мың гектар алқапқа дән септі. Егістік көлемі 2 мың гектарға ұлғайған. Ауылшаруашылық дақылдары егілетін аумақтарды әртараптандыру жұмысы жүргізілді. Астық салатын және картоп өсіретін шаруашылықтар тұқыммен толық қамтамасыз етілген. Өнімділігі жоғары тұқым қорын дайындау ісі өзектілігін жоймайды.

Равиль Мингазов, элиталы тұқым шаруашылығының басшысы:

- Біздің зертханада жылына картоп тұқымының 5-6 түрі шығарылады. Сынақтан өткізу мақсатында Германия және Голландиядан тұқым сатып аламыз. Бүгінгі күні 7 жаңа сұрып сынақтан өтіп жатыр. Шаруашылық 3 мәртебеге ие. Оригинатор, элиталық шаруашылық және тұқым шаруашылығы. Тұқымды пробиркадан бастап алғашқы репродуцкияға дейін жеткіземіз. Тұқымның сапасы шетелдікінен кем түспейді. Айырмашылығы бағасында ғана деп ойлаймын. Сырттан келетін тұқым біздің өніммен салыстырғанда 5-6 есе қымбат.

Қарлығаш Қасиетова, Twitter@kasietova:

- Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу науқанына 45 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қатысты. Жер өңдейтін заманауи техникалық парк жасақталған. 2018 жылы дала жұмыстарына екі жүзден астам жаңа техника шыққан. Өсімдік шаруашылығымен айналысатын Ақсулық кәсіпкерлер бүгінде суармалы егіс алқаптарының ауқымын кеңейтуге атсалысып жатыр.

Болат Бақауов, облыс әкімі:

- Бүгін міне, Ақсу ауданында суармалы жерлер жақсы орын алып жатыр. Тек осы жақты бидай екпейді, тек қана осы суармалы жерлермен айналысады. Сонымен бірге тамшылатып суарумен айналысады. Бүгін міне, фирмалар қатысып жатыр, тапсырма бердік, көмектесуге мүмкіндігіміз бар. Ақсу ауданында ғана емес, бүкіл Павлодар облысында суармалы жерге ерекше көңіл бөлеміз.

Қарлығаш Қасиетова, Twitter@kasietova:

- Дала күнін атап өту – бұл жетістіктерді паш ету ғана емес, осы саланың көкейкесті мәселелерін ортаға салу. Бірлесіп шешілу жолдарын талқылау. Бұл сонымен қатар тәжірибе алмасу алаңы болып табылады. Биылғы жылдың күрделі болғанына қарамастан Ақсудың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері «мол өнім аламыз», - деп үміт артып отыр. Ауа райы осындай қолайлы болатын болса, екі аптадан кейін өнім жинауды бастайды.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы