352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы кестеге сай жүріп жатыр

  • 77
«Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы кестеге сай жүріп жатыр Today.kz

«Алдар Евроазия» ЖШС мәлімдемесіне сәйкес, «Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысын тоқтата тұру туралы ақпарат дұрыс емес.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Елорда Инфо хабарлайды.

«Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы 2009 жылы Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы үкіметаралық келісім шеңберінде бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

«Алдар Евроазия» ЖШС өкілдерінің бұрын баспасөздерге берген ақпаратына сәйкес мердігер бекітілген кестеге сай сауда орындары мен қонақүйлерді 2019 жылы бітіруді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар кешеннің ең биік ғимараты 2020 жылдың соңына дейін аяқталады.

«R блогы – бүкіл кешеннің ең биік ғимараты, оның құрылысына көп уақыт қажет», - деп хабарлады компания ресми хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы