«Теңіз» кенішіндегі жағдай күрделене түсті

«Теңіз» кенішіндегі жағдай күрделене түсті

«Теңіз» кенішіндегі жағдай ушығып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте 81 жұмысшыдан індет табылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары осындай ақпарат таратты. Кеніш аумағындағы стационарда 840 адам емделіп жатыр. Өңір қазір қауіпті аймақта. Өткен тәулікте мұндағы 101 тұрғынның вирус жұқтырғаны мәлім болды. Ал 58 адам емделіп шыққан.