ШҚО-дағы Зайсан ауданында магистральді газ құбырындағы ақау жойылды

ШҚО-дағы  Зайсан ауданында магистральді газ құбырындағы ақау жойылды

Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданында магистральді газ құбырындағы ақау жойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікіті әкімдік өкілдері мәлімдеді.

Естеріңізде болса, кеше кешкісін сол маңда көпір салу үшін жер қазып жатқан экскаватор жүргізушісі абайсызда жоғарғы қысымдағы газ құбырын зақымдап кеткен болатын. Соның салдарынан екі мыңнан астам тұтынушы көгілдір отынсыз қалды. Бүлінген жерді қалыпқа келтіру жұмыстары түні бойы жүргізілді. Ол үшін елу техника жұмылдырылған. Сонымен қатар жылусыз қалған тұрғындардың үйіне көмір жеткізіліп, таңертең зақымдалған құбыр жөнделді. Қазір тұрғын үйлер қайтадан газ құбыры желісіне қосылып жатыр.