Радиация, химия және биологиялық шабуылға қарсы әскерилердің оқу-жаттығуы өтті

Алматы облысында радиация, химия және  биологиялық шабуылға қарсы әскерилердің оқу-жаттығу жиыны өтті.

Жиынға Қапшағай, Сарыөзек, Талдықорған, Алматы гарнизонының 150-ден астам қызметкері қатысты. Сарбаздар мен сардарлар алғашқыда зиянды заттардың көлемін, зақымдану ауқымын анықтау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар арнайы техниканың көмегімен жерден және ауадан сынама алып, сараптама жасады. Осылайша өзара іс-тәжірбиелерін шыңдап, білім-білігін жетілдірді.

Саян Назарбаев, радиация, химия және биологиялық қорғаныс батальонының командирі:

- Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс - деген бейбіт күнде әскери тапсырманы орындайдын еліміздегі бірден бір құрылым. Қысқаша айтқанда біз Арыстағы жарылыс кезінде техногенді апат салдарын жоюға атсалыстық. Пандемия уақытында да біздің мамандар қызмет етті.