Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында тау бөктеріне шығуға тыйым салынады

Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында тау бөктеріне шығуға тыйым салынады

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қар жамылғысының тұрақсыздығынан қар көшкіні болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ бұл аймақта 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында жауын-шашын болуы мүмкін. Яғни, жылымық кезде қауіп жоғары. «Қазгидрометтің» болжамынша еліміздің батыс және солтүстік аймақтары жоғарғы атмосфералық қысым аумағында болғандықтан, күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды.