«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплинінде тау бөктерін нығайту жүргізіледі

«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплинінде тау бөктерін нығайту жүргізіледі

Сәуір айының ортасында Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині аймағында қар көшкіні қаупінің жоғары болуына қарамастан құрылыс жұмыстарының басталып кеткенін айтқан едік.

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде дабыл қаққан соң қаладағы қауіпсіздік мекемесінің мамандарынан арнайы зерттеу комиссиясы құрылды. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде көшкін жүру қаупі басым екені расталып, тау бөктерін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілетін болды. Қазір осыған байланысты  жобалық-сметалық құжат жасауға конкурс жарияланды. Мамандар бұл аймақты көгалдандыру мен абаттандыруды қолға алмақшы.

Наталья Ливинская, Алматы қаласы жасыл экономика басқармасының жетекшісі:

- Біз жердің қаншалықты айырылғанын көрдік. Есептедік, анықтадық, білдік. Бұл айырықтардың бәрі судың бөлінуінен екенін түсіндік. Сондықтан бұл жерге құрылыс жүргізуге болмайды деген шешім қабылданды. Бірақ тауды нығайту және мұндай құбылыстардың алдын алу үшін дендросаябақ салу керек деп шешілді. Сондай-ақ бұл жерде су жолдарын ретке келтіру керек. Өйткені жаңбыр суы мен суармалы сулар ағып кететін арықтар жоқ.