Асқар Мамин көмір бағасын өсірмеуді тапсырды

Асқар Мамин көмір бағасын өсірмеуді тапсырды

Үкімет басшысы Асқар Мамин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, көмір бағасын негізсіз өсірмеуді тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ ол алдағы жылыту маусымына дайындықты пысықтау мәселесіне де тоқталды. «1 қыркүйекке дейін білім беру ұйымдары, 15 қазанға дейін барлық инженерлік инфрақұрылымдар, тұрғын үй және әлеуметтік сала нысандары толық дайын болсын», - деді Үкімет басшысы. Алдағы кезеңге дайындық аясында елімізде 8 энергоблок, 48 қазандық, 49 турбина және 441 жоғары вольтты қосалқы станцияны жөндеу жоспарланған.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Индустрия министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, халық үшін көмірді жылу электр орталықтары мен қазандықтарға қажет көлемін алдын ала қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырсын. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, көмір бағасын ерекше бақылауға алсын және халық үшін көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдасын.