Павлодарлық кәсіпкерлер 14 миллион теңге айыппұл төлейді

Павлодарлық кәсіпкерлер 14 миллион теңге айыппұл төлейді

Павлодардың түнгі барлары мен дәмханалары 14 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тексеру кезінде ғимарат әкімшілерінің санитарлық талаптарды өрескел бұзғаны анықталды. Тіпті кейбірі жасырын жолмен жұмыс істеген. Жыл басынан бері облыс орталығында 160 тексеру жүргізілген. 75 іске қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Қадиша Беготаева, қала әкімінің орынбасары:

- Біз вип-клиенттерге арналған есікті өте ұзақ қақтық. Бірақ екі үстел толы адамдар болмай шықты. Сыртқа шығып кеткен болуы тиіс. Оның бәрі тіркеуге алынды. Материалдар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Қазір 254 нысан «Ашық» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Кәсіпкерлер оны енгізуге мүдделі.