Шымкент қарбызының құрамында нитрат мөлшері көп болып шықты
Ақтаудағы ірі сауда орындарын аралаған мамандар осылай дейді.
Өткен аптада санитарилық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері 141 түрлі жеміс-жидек пен көкөніске зертханалық талдау жүргізген. Нәтижесінде қарбыздың құрамында нитрат мөлшері шамадан артық болып шықты.
Айта кетейік, Маңғыстау өңіріне азық-түліктің 80 процентке жуығы сырттан тасымалданады.
Сымбат Балмұқанова, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы:
– Ираннан келген өнімдер бар. Аргентина, Марокко, Эквадор елдерінен әкелінген өнімдер. Тексерілді, барлығы да нормаға сай. Тек қана қарбыз өнімінде нитраттың жоғары мөлшері анықталды. Шымкент қаласынан әкелінген екен.