Алматыда «Ashyq» жүйесін қолданбайтын нысандардың жұмысы шектеледі

Алдағы күндері Алматыда «Ashyq» жүйесін қолданбайтын нысандардың жұмысы шектеледі. Олар 2 тамыз бен 16 тамыз аралығында жабық болады.

Ал «Ashyq» бойынша жұмыс істейтін ғимараттар 5 сағат артық, яғни кешкі 10-ға дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, соңғы тәулікте қалада коронавирус инфекциясын 1 мың 450 адам жұқтырған. Болжам бойынша эпидахуал қыркүйек айында тұрақталады.

Жандарбек Бекшин, Алматы қ. мемлекеттік бас санитарлық дәрігері:

- 40 мониторинг тобы құрылды. Олар күні-түні, күндіз қарайтын топтары бар түнде қарайтын топтары бар, осы топтарға біз сенімдеміз. «Ашықпен» істеп жатқан біздің обьектілерімізді оларды бақылаудан алуға болмайды, неге десеңіз ашықтың да тәртібі бар. Сканированиеден өткізбеген обьектілердің саны 301. Олар осы жүйеден жобадан шықты.