Ядролық сынақтың салдары әлі жойылған жоқ

Ядролық сынақтың салдары әлі жойылған жоқ

Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толғанымен, оның салдары әлі толық жойылған жоқ.

Павлодар облысының қоғамдық-саяси ұйым белсенділері ядролық сынақ жүргізілген аймақпен шектесетін елдімекендердегі халықтың денсаулығына қатысты үнемі мәселе көтеріп келеді. Соның бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі. Одан бөлек өскелең ұрпақтың да жайы ой салады.

Жарқынбек Амантай, қоғам белсендісі:

– Мынау ядролық сынақтардың әсері бүгінгі уақытқа дейін кесірін жас буынға қатты тигізуде. Оны атап айтатын болсақ, полигонмен шектесетін Май ауданы сияқты жаңағы Аққулы ауданы одан Баянауыл ауданының бір жақ шеттері жатады екен. Осы өңірден радиацияның зияны тиген азаматтарға арнайы жеңілдіктер жасалуда көптеген. Сол жақта жұмыс істеген азаматтарға ертерек зейнетке шығуға мүмкіндік берілуде. Бұның барлығы осы бағытта жасалып жатқан үлкен жұмыстың, кешенді жұмыстың бір бөліктері ғана.