Ақтауда құлаған лифт еш жерде тіркелмеген

Ақтауда 11 қабатты үйдің құлаған лифтісі еш жерде тіркеуге алынбаған. Қала бойынша жеделсатыларға жауапты серіктестік өкілдері осылай дейді.

Айтуларынша, 17-ші шағын аудандағы жаңа баспанаға адамдар былтырдан бері қоныстана бастаған. Үйге 2 жеделсаты орнатуға 2019 жылы компаниялар арасында келісімшарт жасалған. Алайда бұл құжат бүгінге дейін мемлекеттік органда тіркемелген. Осыған қарамастан лифтілер тұрғындардың өтінішімен ара-тұра қосылып тұрған. Кешегі жағдайдан кейін олар электр желісінен ажыратылды.

Айта кетейік, өткен демалыста он шақты адам мінген лифт 1 қабаттан жертөлеге құлады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Көпберген Жайлиев, «Ақтау қалалық лифтілері» серіктестігінің құрылтайшысы:

- Бір қызмет көрсететін мекемемен келісім-шарт жасау керек. Бізбен, ия басқа лифтіге қызмет көрсететін мекемелермен. Оның біреуін де жасаған жоқ. мен неше кезек айттым, тоқтатып тастаймыз деп. Тоқтатсам, мына халық шулайды жоғары этаждарда үлкен адамдар бар, түсе алмайды дейді. Біз сосын көзімізді жұмамыз да, заңға қайшы лифтіні қосып береміз.

Ақтауда көп қабатты үйде лифт құлады