Қазақстандық ғалымдар Украина мұрағаттарынан құнды құжаттар тапты

Қазақстандық ғалымдар Украина мұрағаттарынан құнды құжаттар тапты

Ғалымдарымыз Украина мемлекеттік мұрағаттарынан құнды құжаттар тапты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия екі апта бойы Украина қалаларында іс сапармен жүрген еді. Осы мерзімде Украинаның бес бірдей мемлекеттік орталық архивтерін ақтарып, біраз дүние жиды.

«Аса құпия» деп таңбаланып келген тарихи құжаттарды Украина 2015 жылдан жария ете бастады. Бұны қазақ  ғалымдары мен тарихшылары ұзақ күткен еді.

Өйткені 30-ыншы, 40-ыншы, 50-інші жылдарындағы жер аудару, ашаршылық, саяси қуғын-сүргінге қатысты құпияларды ашып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түскен қазақ сарбаздарының толық тізімін анықтауға мүмкін болды. Мәселен, біздің ғалымдар мұндағы мұрағаттардан 30-ыншы жылдары Украинаға жер аударған қазақ байларына қатысты тың деректер тапты.

Альбина Жанбосынова, тарих ғылымдарының докторы:

– Отызыншы жылдары Украина аумағына 2 мыңға жуық қазақ байы жер аударған екен. Біз мұрағаттағы құжаттардың арасынан екі қазақтың атын таптық. Бірі – 1937 жылы Киев қаласына келіп, мұндағы Микоян атындағы химия-технологиялық университетіне оқуға түскен Байбулин. Кейін оны атып өлтірген. Екіншісі – Ташмухамедов. Оны сол кездегі билік «немістердің тыңшысы» деп қаралап, он жылға түрмеге қамаған. Бір қызығы,  бұл екі қазақ заңы Украинада ақталғанымен, Қазақстанда ақталмай отыр. Енді біздің алдымызда осы мәселені шешу міндеті тұр.

Нұртаза Асылов, ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы директорының орынбасары:

– Ғылыми топтар үшке бөлініп, бірінші топ Киев қаласындағы архивтерде жұмыс жасады. Киев қаласындағы 3-4 архивтерді олар орталық мемлекеттік Украина архиві, ұлттық қауіпсіздік архиві көптеген архивтік құжаттар ол ғылыми айналымға енгізілмеген. Бұрын-соңды болмаған. Осындай ғылыми архивтік жұмыстардың арқасында біз мыңдаған қазақстандық адамдардың есімі анықталып, сол туралы архивтік құжаттар алдық.

Украина мұрағаттарында сақталған осы іспеттес маңызды құжаттар, хаттамалар мен бұйрықтар Қазақстан тарихындағы талай құпия деректің көзін ашуға көп көмегін тигізбек, дейді ғалымдар.

Қайрат Әлімғазинов, ҚР Президенті архиві директорының орынбасары:

– Атап айтқанда, «совершенно секретно» деп белгілі болған құжаттарға доступ ашылды. Украина мемлекеттік қауіпсіздік архивінде жұмыс істеуге мемкүндік берілді. Мұнда нақты айтқанда 1937 жылдан 1991 жылға шейін НКБД, КГБның бұйрықтары, инструкциялары, хаттамалары, дерективалары барлығын 2015 жылдан бері құпиясыздандыру комиссиялары жұмыс істап, барлығын ғылыми айналымға енгізіп жатыр. Қорлардың барлығы ашық, сол қорлармен және бұйрықтармен жұмыс істеуге сонымен қатар әртүрлі архивтік тергеу істермен жұмыс істеуге мүмкіндік туып отыр.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия Украинаның Каменское қаласында да болып, Жоғары кәсіптік оқу ордасының оқушылары алдында дәріс оқыды. Сонымен қатар қазақстандық делегация Нұрсұлтан Назарбаев өндірістік тәжірибеден өткен Каменское қаласындағы ірі металлургиялық комбинатты да аралап, өндірістік кешеннің бүгінгі тыныс-тіршіліген танысты.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петро Борейко