Ақтөбеде үйлерге өрттен қорғайтын қондырғы орнатылып жатыр    

Ақтөбеде үйлерге өрттен қорғайтын қондырғы орнатылып жатыр    

Ақтөбедегі бау-бақша аумағындағы үйлерге газ бен түтіннен қорғану қондырғылары орнатылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы маусымда мың жарым баспанаға қою көзделген. Өйткені былтыр 7 тұрғын улы газден зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінген. Ал қондырғыларды орнату тегін. Шығынды жергілікті билік өтейді. Бұдан өзге пештің көмейі мен мұржасын тазарту жұмыстары да атқарылмақ.

Айбат Жаңабергенов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

– Біз мың бес жүзден астам үйді бақылауға аламыз. Жылыту маусымы аяқталғанға дейін сол үйлерге баса назар аударылады. Неге десеңіз, бұл кісілер жоғарыда айтқандай көп балалы ата-аналар, жалғыз басты кісілер болып есептеледі. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдармен бірлескен газ, түтіннен қорғау қондырғылары алынды.