Павлодар облысында 500-ге жуық адамға рақымшылық жасалады

Павлодар облысында 500-ге жуық адамға рақымшылық жасалады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміз бойынша рақымшылық жарияланғаны белгілі.

Амнистияға бірінші кезекте ардагерлер, кәмелет жасқа толмағандар және бірінші, екінші топ мүгедектері ілінеді. Павлодар облысында жазасын өтеп жатқан 250-ге тарта адам бостандыққа шығуы мүмкін.

Жалпы өңірде 443 адамға рақымшылық жасалады. Олар – аса ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасап жазаланғандар. Рақымшылыққа сай кейбір сотталғандардың жазасын өтеу мерзімі қысқарады.

Қазір облыстағы 5 түзеу мекемесінде екі мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр.

Зарина Жаңаберген, облыстық ҚАЖ тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы:

– Бүгінгі таңда жазасын өтеп жатқан 243 адамға рақымшылық жасалады деген болжам бар. Сонымен қатар амнистия пробациялық бақылауда тіркеуде тұрған 443 адамды қамтиды. Бұл орташа және орташа ауыр қылмыс жасап істі болғандар. Айта кететін жайт, рақымшылық бойынша материалдар алдымен соттың қарауына жіберіледі. Демек, істі болғандардың тағдырын сот шешеді.