Елімізде зейнетақы жинақтарын депозитке аудару кейінге қалдырылды

Зейнетақы жинақтарындағы артық ақшаны «Отбасы банкіне» 2022 жылдан бастап аударуға болады, деп хабарлайды Хабар 24.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осылай деп мәлімдеді. Қазір жобаны мемлекеттік органдар пысықтап жатыр. Естеріңізге сала кетейік, жаңа түзетулер қазақстандықтарға бастапқы жарнаны жинау уақытын қысқартуы тиіс еді. Бұл жылдық 3,5 проценттік мөлшерлеме есебінен іске асырылады деп жоспарланған. Алайда зейнетақы жинақтарын алу үшін шекті соманың өсуі салдарынан жаңа жүйемен ақша алушылар саны күрт қысқаруы мүмкін.