Елімізде әскери баспананы жекешелендіру құқығы қайта қаралуда

Қорғаныс министрлігі әзірлеген тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі заң жобасының жаңа редакциясы Парламент қарауында, деп хабарлайды Хабар 24.

Жаңа түзетулер заңға «Модульдік мобильді тұрғын үй» ұғымын енгізуді қарастырады. Оған сай оқшауланған әскери қалашықтарда жылжымалы тұрғын үйлерді қою жоспарланған. Тағы бір маңызды мәселе – жекешелендіру құқығының ауысуы. Яғни әскери қызметші қайтыс болған жағдайда, тұрғын үйді жекешелендіру құқығын оның отбасы мүшелеріне беру ұсынылды.

Айта кетейік, соңғы үш жылда он екі мыңнан астам әскери қызметші арнайы бағдарламамен баспаналы болды.

Мұхамеджан Таласов, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор:

– Тұрғын үй қатынастарының мәселелері жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізілуде. Жаңа өзгерістер әскери қызметшілер мен олардың  отбасы мүшелерін шешуге бағытталған.  Мәселен Заңдағы өзгертулер еңбек өтілі 10 жылдан асқан әскери қызметшілерге қалдық құнына сәйкес жекешелендіруге жататын тұрғын үйді өз меншігіне ресімдеуге мүмкіндік береді.