Ақтауда шатыры өртенген тұрғын үйге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтауда шатыры өртенген тұрғын үйге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, кеше 17-шағын ауданда орналасқан 16 қабатты үйдің шатыры қызыл жалынға оранып, 100 адам эвакуацияланған болатын. 500 шаршы метр аумақты алатын ағаш конструкция жанып кетті. 304 пәтерлі үй биыл пайдалануға берілген.

Мамандардың айтуынша, қауіпсіздік сақталмаған. Өрт сөндіру сумен жабдықтау жүйесі тиісті деңгейде жұмыс істемейді.