Қазақстанда ересек адамдардың 75% жуығы вакцинаны толық алды

Қазақстанда ересек адамдардың 75% жуығы вакцинаны толық алды
primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығы туралы баяндады. Инфекциялық және реанимациялық төсектердің жүктемесі 19% құрайды. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша өңірлердің көбісі (15) және жалпы ҚР «жасыл аймақта» орналасқан. Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары аймақта» тұр.

Бүгінде 9 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек тұрғындардың шамамен 80%-ы, сондай-ақ 8,4 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 75%-ға жуығы екінші компонентін алды. Әлемде коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты Үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейту, үй-жайлар мен қоғамдық көліктерде маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау, сондай-ақ халықты ревакцинациялау қарқынын арттыру қажет екеніне ерекше назар аударды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы