Бизнес-омбудсмен: 1500-ге жуық дау кәсіпкердің пайдасына шешілді

Бизнес-омбудсмен: 1500-ге жуық дау кәсіпкердің пайдасына шешілді

Елімізде бизнес-омбудсменнің көмегімен 1500-ге жуық дау кәсіпкердің пайдасына шешілді. Бұл туралы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында атқарылған жұмыстар, коронавирус пандемиясының отандық бизнеске тигізген әсері баяндалды. Осы жылы бизнес-омбудсменнің кеңсесіне 3912 өтініш түскен. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 15 процентке аз. Негізінен сатып алу, жер, салықтар, құрылысқа қатысты мәселелер жиі көтерілген.

Кездесуде «басынан бастап» реттеу тетігін енгізу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы да мәлімет берілді. Мемлекет басшысы бизнеске қатысты әкімшілік құқық бұзу деректерінің көбею себептерін анықтау және оларды жою үшін шаралар әзірлеу керектігін айтты.