Судьялар шалғай аудандарға барғысы келмейді

Судьялар шалғай аудандарға барғысы келмейді

Жоғарғы сот кеңесі бірқатар судья лауазымына конкурстық іріктеуді аяқтады, деп хабарлайды Хабар 24.

Нәтижесінде бір облыстық соттың сот алқасы төрағасы, 13 судья, 40 аудандық сот төрағасы және 108 аудандық сот судьясы іріктеуден өтті. Жалпы конкурсқа 651 адам қатысқан.

Жоғарғы сот кеңесінің хабарлауынша, бос орындарға бәсекелестік жоғары болған. Десек те талапкерлер алыс елдімекендерге барғысы келмейтін сыңайлы. Мәселен, Алматы қаласындағы ювеналды сот жариялаған конкурсқа 30 адам қатысты. Ал шалғай аудандарда жарияланған 24 лауазым бойынша бірде-бір талапкер өтініш бермеген. Конкурстан өткендер жайлы толық ақпарат Жоғарғы соттың сайтында жарияланады.