Алматыда барлық балабақшаны арнайы комиссия тексеретін болды

Арнайы комиссия Алматыдағы барлық балабақшаны тексеретін болды. Білім және ғылым министрлігі осындай шешім қабылдады.

Тексеріс жасауға соңғы уақытта келеңсіз оқиғалардың көбейіп кетуі себеп. Бірінде тәрбиешінің балаларға қол көтергенін білеміз. Кейін күдікті келіншек өз-өзіне қол салды. Екіншісінде бір топ бала өзге бүлдіршінді жабылып ұрып тастады. Осыдан кейін ведомство шара қолдануға көшкен сынды. Арнайы комиссия құрып, мемлекеттік және жекеменшік бөбекжайлардың барлығын бірін қалдырмай тексермек. Мұнан былай тәрбиешілерді іріктейтін кезде қатаң талаптар қойылады. Қауіпсіздік мәселесіне жіті мән беріледі. Әрбір топ видеобақылау камераларымен жабдықталуы тиіс.