Күре жолдарда 133 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр

Күре жолдарда 133 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр
Авторадио Казахстан

Елде ақтүтек боран күндері жолаушылардың діттеген жерлеріне аман-есен жетулері үшін барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды. Ондағы мәліметтерге қарағанда, көлік ағыны көп күре жолдардың бойы қардан тазартылып, жолаушылардың тоңып қалмауы үшін елімізде 133 жылыту бекеті іске қосылған. «Қыс басталғалы ұйтқыған боран мен саршұнақ аязда күн райына байланысты ескертулерге қарамастан, сапарға шығып, қар құрсауында қалып қойған 500-ден астам адамды жол патрульдеумен тәулік бойы айналысатын жол мамандары құтқарып, жылыту пункттеріне жеткізген», – делінген хабарламада.