Қызылордалық полицейлерге жаңа көліктер берілді

Қызылордалық полицейлерге жаңа көліктер берілді

Облыстағы полицейлердің қызметтік көліктері жаңартылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Патрульдік экипажға отандық кәсіпорындарда құрастырылған темір тұлпарлар берілді. 32 автомобиль республикалық бюджет қаржысына алынған. Қаңтардың басындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 34 көлік өртеніп кеткен еді. Бүлікшілер облыстық полиция департаментіне қарасты өткізу-бақылау бекеті мен 5 модульді нысанды толық талқандаған болатын. Тәртіп сақшыларына тиесілі фронт-кеңсе, 2 ғимарат пен 3 модульді бекетке де залал келген. Кезең-кезеңмен олар да қалыпқа келтіріледі.

Еркін Сағымбаев, ОПД тылмен қамту басқармасы бастығының орынбасары:

– Қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін ІІМ тарапынан көліктер бөлініп отыр. Қазіргі таңда жаңа техникаларға арнайы жабдықтар орналастырылып жатыр. Ақпанның басында қызметтік қозғалыс құралдары қолданысқа беріледі.