Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта құру басталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі қайта жасақталады.

Қазір шекара мен «А» арнаулы мақсаттағы қызметтің құрылымын, міндеттері мен функцияларын бағалау және оңтайландыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Әсіресе лаңкестік, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес пен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерін қайта құру және нығайту мәселелері басты назарда. Бұл ретте терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы операция режимі жағдайында бірлескен іс-қимылдарын жетілдіруге талдау жүргізуде. Сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік дайындығын күшейту бойынша нақты шаралар да әзірленді. Бұл бастама Президенттің тапсырмасымен қолға алынды.