Елорданың жеке секторларында күл төгуге арналған контейнерлер орнатылды

Елорданың жеке секторларында күл төгуге арналған контейнерлер орнатылды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты

Елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Clean City NC» ЖШС-мен бірлесіп, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарындағы жеке секторларда күл жинауға арналған контейнерлер орнатты, деп хабарлайды «Хабар 24» қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Clean City NC» ЖШС осы контейнерлерді орнатумен ғана айналысады, ал оны шығару жекелеген мердігерлік ұйымдарға жүктеледі.

Дегенмен арнайы контейнерлер орнатылғанына қарамастан кейбір тұрғындар қоқысқа арналған контейнерлерге немесе оның айналасына күл төгуді тоқтатар емес.

Айта кетейік, қоқыс жинауға арналған контейнерлер күл төгуге арналмаған.

Сол сияқты толық сөнбеген күл пластикалық контейнерлерді өртеп жіберуі мүмкін, мұндай жағдай жиі кездеседі.

Бұдан басқа, қоқыс пен күл әртүрлі көлікпен шығарылуы тиіс: қатты қалдықтар үшін қоқыс тасығыш, күлді шығару үшін манипуляторы бар арнайы жабдықталған машина пайдаланылады.

Сондықтан әкімдік елорда тұрғындарынан экологиялық жауапкершілік таныта отырып, күлді арнайы орнатылған контейнерлерге төгуді сұрайды!