Қазақстанның құқық жүйесі ашық болуы керек – Саясаттанушы

Қазақстандық құқықтық жүйе ашық және азаматтық ұйымдармен тығыз байланыста екенін көрсететін уақыт жетті.

Саясаттанушы Әлібек Тәжібаев осылай дейді.

Естеріңізге сала кетейін, Бас прокуратураға тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану туралы 148 шағым келіп түсті, 105 қылмыстық іс ашылды. Прокуратураның құқыққа қайшы әрекеттердің бар екенін мойындауы - бұл халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттыруға жасалған маңызды қадам, деп атап өтті саясаттанушы.

Әлібек Тәжібаев, саясаттанушы:

- Қазақстандағы адам құқықтарының шектелуіне биліктің көңіл бөлуі құптарлық іс. Прокуратура, тергеу органдары, жалпы қазір ашықтық танытып отырған барлық күш құрылымдары әлемдік қоғамдастық алдында Қазақстанның имиджіне оң әсерін тигізеді.