Алматыда террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынады

Алматыда террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынады

Алматыда 7 ақпан түнгі сағат 12-ден  бастап террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі алынып тасталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб хабарлады. Олардың мәліметінше, қазір шаһарда жағдай тұрақталған. Дегенмен арнайы және құқық қорғау органдары қызметтің күшейтілген режимін жүргізуді жалғастырады.

Еске сала кетейік, Алматыда террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі 26 қаңтарда енгізілген.