Егістікке дайындық қызу

Егістікке дайындық қызу

Солтүстік Қазақстандық диқандар көктемгі дала жұмыстарына дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Техникалардың 97 проценті науқанға дайын. Шаруалар тұқым және жеңілдетілген жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді. Ризығын жерден табатын диқандар осы жылы 4,3 миллион гектар алқапқа ырыс дәнін сіңірмек. 170 мың тонна көлемінде минералды тыңайтқыштар алынады. Айта кететін жайт, аймақта биыл қар аз жауды. Салдарынан топырақтағы ылғал қоры тым аз. Көктем-жаз айлары жауынды болмаса, құрғақшылық болуы ықтимал. Айта кету қажет маңызды науқан алдында облыс орталығында арнайы жедел штаб жұмысын бастады. Шешімін таппай жүрген мәселелер болса, шаруалар оған жүгіне алады. Жалпы солтүстікте ауыл шаруашылығы саласын дамытуға осы жылы 44,5 миллиард теңгеге  қаржылай қолдау бағытталмақ.