ШҚО-да алты млн-ға алынған қоғамдық дәретханалар дауға айналды

ШҚО-да алты млн-ға алынған қоғамдық дәретханалар дауға айналды

Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха қаласында 6 млн теңгеге сатып алынған қос бірдей қоғамдық дәретхана екі жылдан бері қолданысқа берілмей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар бюджеттен қыруар қаражаттың жұмсалғанымен қатар әжетханалардың орналасқан жері де өрескел екенін айтады. Олар санитарлық нысанның біреуі Даңқ мемориалдық кешенінің маңына қойылғанына шағымданды. Ал әкімдік өкілдері жоба алдын ала қоғам талқысына салынғанын алға тартты. Кейін сатып алу шарттары мен жер қатынастары құжатын реттеу үрдісі ұзаққа созылып кеткен көрінеді. Айтуларынша, биыл жазға дейін дәретханаларға инженерлік желілер тарту көзделген. Бұл жұмыстарға қазынадан қосымша қаражат жұмсалмақ.