Қаңтар оқиғасы: Еуропадағы адам құқығын қорғау тәжірибесі талқыланды

Форум қаңтар оқиғасынан кейін ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, волонтерлар мен студенттер қатысты. Еуропадағы бейбіт митинг өткізу, лаңкестікпен күрес және адам құқықтарын қорғаудағы іс-тәжірибесі сөз болды. Жиын ең алдымен жастарға бағытталған дейді ұйымдастырушылар.

Игорь Рогов, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы:

– Алматыда, басқа қалаларда болған оқиғалар адам құқығын сақтауды өзекті ете түсті. Әсіресе құқық қорғау органдарына қатысты сын айтылды. Президент те Жолдауында осы жайттарға ерекше тоқталып, бірнеше шешімдер қабылданды. Соның ішінде құқық қорғау процесіндегі азаптауларға қатысты заң бұзушылықтарды енді прокуратура қарайтын болады.